№ 279 от 03.05.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 24 желтоқсанда Суннатов Джахангир Нурмухамматовичқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19024464 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:
Д.Н. Суннатовтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатуды туралы Шымкент қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 19.04.2023 жылғы №02-23-05/1435-И ұсынысы, 24.02.2023 жылғы № 1/14 сот үкімі.
Вице-министр Б. Молдабеков