№ 278 от 03.05.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2000 жылдың 5 маусымында Людмила Анатольевна Тыщенкоға берілген №0000772 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 1 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қарағанды облысы Әділет департаментіне:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.А. Тыщенконың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус Л.А. Тыщенконың мөрін жоюды.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: 2023 жылдың 10 сәуіріндегі Л.А. Тыщенконың арызы және Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 19 сәуіріндегі 5-1-2/595-И ұсынысы.
Вице-министр Б. Молдабеков