Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 277 от 03.05.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызда Игорь Аркадьевич Лифшицқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0001832 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) И.А. Лифшицтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатуды туралы Түркістан облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысының Әділет департаментінің 20.04.2023 жылғы №02-74-6/5177  ұсынысы, Ресей Федерациясының төлқұжатының көшірмесі және Шымкент ПД КҚҚБ-ның 19.04.2023 жылғы № 8-2-53/1960 хаты.

 

 

Вице-министр                                                            Б. Молдабеков

Дата публикации
04 мая 2023