№ 267 от 26.04.2023
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылғы 21 қазанда Жанна Бекбулатовна Ныгыбаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №22019751 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
2. Павлодар облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Ж.Б. Ныгыбаеваның, Павлодар облыстық адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның назарына жеткізу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны адвокаттың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ж.Б. Ныгыбаеваның 04.04.2023 жылғы өтініші, Павлодар облыстық адвокаттар алқасының 12.04.2023 жылғы №1-09.52 өтінішхаты.
Вице-министр А. Муканова