Лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы

№ 259 от 24.04.2023 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Махаббат Калибековна Жакуповаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2019 жылдың 22 қазанда берілген № 19021134 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 24 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: 2023 жылдың 03 сәуірінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деркқоры» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен М.К. Жакупованың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                   Б. Молдабеков

Дата публикации
28 апреля 2023