Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

№ 240 от 17.04.2023 

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы   Заңының   7-бабы  2-тармағының  3)  тармақшасына  сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары бойынша есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 885 бұйрығының күші жойылсын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                                  А. Есқараев

Каз
Дата публикации
26 апреля 2023