№ 254 от 21.04.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Жандырбаевна Адиловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 14 тамызда берілген № 13012763 мемлекеттік лицензияның қолданысы алты айға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Ж. Адилованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Ж. Адилованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаменті 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 02-23-05/1400-И ұсынуы және 2023 жылғы 20 наурыздағы №5212-23-3-1/1443 Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының ұйғарымы.
Вице-министр Б. Молдабеков