Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 248 от 19.04.2023 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылдың
5 мамырында Кабылда Бекбосынович Кадировқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003059 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрсын.

2. Ұлытау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Кабылда Бекбосынович Кадировтың, Ұлытау облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департамент директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі:  Ұлытау облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 11сәуірдегі  №633/289-и  ұсынысы және К.Б.Кадировтың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                     Б. Молдабеков

Дата публикации
20 апреля 2023