№ 247 от 19.04.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылдың 11 мамырдағы Серик Джасуланович Бейсембаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001230 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Әділет Департаменті:
1) Серик Джасуланович Бейсембаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) Серик Джасуланович Бейсембаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департамент директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 28 наурыздағы №06-19/3198-И ұсынысы, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының өтініш хаты және 2023 жылдың 3 наурыздағы № 20-521-23-0000311 қайтыс болу туралы акт жазбасының көшірмесі.
Вице-министр Б. Молдабеков