№ 234 от 13.04.2023
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін және әкесінің атын өзгертуіне байланысты, Жанар Галижановна Игсатоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылдың 20 сәуірде берілген № 13006057 мемлекеттік лицензиясы Жанар Галижанға ресімделсін.
2. 2013 жылдың 20 сәуірдегі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 13006057 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр Б. Молдабеков