№ 233 от 12.04.2023
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін өзгертуіне байланысты, Асель Дженисовна Бисериковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылдың 23 желтоқсанда берілген № 0000316 мемлекеттік лицензиясы Асель Дженисовна Баубековаға ресімделсін.
2. 2005 жылдың 23 желтоқсандағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000316 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр Б. Молдабеков