Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 238 от 17.04.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 21 қаңтарында Самат Ерсинович Молдамжаровқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0001749 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:

1) С.Е. Молдамжаровтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 31.03.2023 жылғы №01-03/348-М-32/141-И ұсынысы,  07.03.2023 жылғы № 1а-34/2023  сот үкімі.

 

 

Вице-министр                                                   Б. Молдабеков

Дата публикации
18 апреля 2023