№ 228 от 10.04.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың
31 қазанда Ерсін Зүлденұлы Көпеевке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002728 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті:
1) Е.З. Көпеевтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) Е.З. Көпеевтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 28.03.2023 жылғы №06-19/3194 ұсынысы, Е.З. Көпеевтің 28.02.2023 жылғы №20-564-23-000230 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр Б. Молдабеков