№ 227 от 10.04.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылдың
17 қантарда Серик Жетписбаевич Примбетовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 22000596 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылдың 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Атырау облысы Әділет департаменті осы бұйрықты С.Ж. Примбетовке, Атырау облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 24.03.2023 жылғы №101-03 өтінішхаты, С.Ж. Примбетовтың 10.03.2023 жылғы өтініші
Вице-министр Б. Молдабеков