Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 18) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
«18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан шетелдік контрагенттермен тараптар арасындағы дауларды шешудің тәсілі ретінде шетелдік төрелікті пайдалана отырып, айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін құрайтын сомадағы жасалатын шарттардың жобаларын қарау және оларға ұсынымдарды беру;»;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Үкімет атынан шетелдік контрагенттермен тараптар арасындағы дауларды шешудің тәсілі ретінде шетелдік төрелікті пайдалана отырып, айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін құрайтын сомадағы жасалатын шарттардың жобалары Әділет министрлігіне тиісті ұсынымдарды алу үшін алдын ала жолдануы тиіс.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов