№ 223 от 05.04.2023
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Атын өзгертуіне байланысты, Жанара Омиртаевна Адилбековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылдың 25 желтоқсанда берілген № 14019632 мемлекеттік лицензиясы Жанара Омиртаевна Лозаға қайта ресімделсін.
2. 2014 жылдың 25 желтоқсандағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14019632 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр Б. Молдабеков