Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 222 от 05.04.2023 

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылдың 24 қаңтарында Мейрбек Калманбекулы Темирбековке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 2001377 мемлекеттік лицензиясының қолданысы сот шешімі толық орындалғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Түркістан обылысы Әділет департаменті осы бұйрықты М.К. Темирбековтың, Түркістан облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

Основание:Түркістан облысы Әділет департаментінің 2023 Жылғы 24 наурыздағы № 02-76-6/460-И ұсынысы, Түркістан қалалық сотының 2023 жылғы 9 қаңтардағы ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                Б. Молдабеков

Дата публикации
06 апреля 2023