Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 218 от 04.04.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызда Канапьянова Майра Қайырбекқызына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001670 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты М.Қ. Канапьяноваға, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 28.03.2023  жылғы №06-19/3196 ұсынысы, Ақмола облысы адвокаттар алқасының  27.03.2023 жылғы №105 өтінішхаты,  М.К. Канапьянованың  27.03.2023 жылғы өтініші

 

 

 Вице-министр                                                                                  Б. Молдабеков

Дата публикации
06 апреля 2023