№ 216 от 04.04.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың
15 мамырда Әсем Маратқызы Байниязоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18009617 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 24 қырқүйекке дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты Ә.М. Байниязоваға, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 28.03.2023 жылғы №06-19/3034 ұсынысы, Ақмола облысы адвокаттар алқасының 17.03.2023 жылғы №97 өтінішхаты, Ә.М. Байниязованың 17.03.2023 жылғы өтініші.
Вице-министр Б. Молдабеков