Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру  туралы

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың
    29 қыркүйекте Асылхан Хасенұлы Сейдімбекке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003912 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты А.Х. Сейдімбекке, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1)адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

            Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 29.03.2023 жылғы №06-19/3240 ұсынысы,Ақмола облысы адвокаттар алқасының 27.03.2023 жылғы №107 өтінішхаты,
А.Х. Сейдімбектың 24.03.2023 жылғы өтініші

          Вице-министр                                                                      Б. Молдабеков

Дата публикации
05 апреля 2023