Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Кабиолдакызы Битимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 13 тамызында берілген № 13012790 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 1 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.К. Битимбаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.К. Битимбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 14.03.2023 жылғы №07-15/1586-И ұсынысы, 09.03.2023 жылғы нотариустың арызы.

 

Вице-министр                                                              Б. Молдабеков

Дата публикации
03 апреля 2023