Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылғы 10 желтоқсанда Салтанат Аскарбековна Каирбековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003158 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
- Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус С.А. Каирбекованың назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 16 наурызындағы № 01-03/1637 ұсынысы, С.А. Каирбекованың 2023 жылдың 15 наурызындағы арызы.
Вице-министр Б. Молдабеков