«Таза парақтан» реттеу шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды талдау нәтижелері бойынша зияткерлік меншік саласындағы кейбір нормативтік құқықтық және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысы туралы

Мемлекет басшысы 2020 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «таза парақтан» реттеуді енгізуді тапсырды, бұл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеуші саясатты көздейді.

Осы жұмысты жүргізу шеңберінде ҚР Әділет министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерінің қатысуымен сараптамалық жұмыс тобымен бірлесіп 2022 жылғы шілде – қыркүйекте зияткерлік меншік саласындағы реттеушілік актілерге талдау (қайта қарау) жүргізді, оның нәтижелері бойынша 64 талап анықталды, оның ішінде заңнаманың өзгертуге жататын 14 талабы белгіленді.

Атап айтқанда, келесі нормалар өзгертуге ұсынылды:

  1. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңында:

- авторлық тапсырыс шарты шеңберінде авторларға сыйақы төлеу шарттарын нақтылауға қатысты.

Осылайша, тапсырыс беруші мен авторға шарт шеңберінде аванс бөлігінде мәселелерді реттеу құқығы берілетін болады.

- коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы фонограмма жасаушы мен орындаушының келiсiмiнсiз пайдалану кезінде сыйақы мөлшерiн және оны төлеу жағдайларын айқындауға қатысты.

Қолданыстағы нормада егер бір жағынан, фонограмма пайдаланушылар немесе осындай пайдаланушылар бірлестіктері (қауымдастықтары) және, екінші жағынан, фонограмма жасаушылар мен орындаушылар құқықтарын басқарушы ұйымдар сыйақы мөлшері және оны төлеу шарттары туралы келісімге қол жеткізбесе, онда оларды уәкілетті орган белгілейді.

Бұл шарт өз уақытында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының өтпелі кезеңіне байланысты қабылданды, өйткені құқық иеленушілер мен пайдаланушылар арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар тиісті түрде дамымаған.

Осыған байланысты бұл шартты өзгерту ұсынылады, өйткені бұл мәселе азаматтық-құқықтық дау шеңберінде шешілуі тиіс.

- мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасудан бас тартуын нақтылауға қатысты.

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның пайдаланушымен лицензиялық шарт жасасудан бас тартуының негізі ретінде жосықсыз пайдаланушыларға қатысты ерекшелікті көрсету ұсынылады.

  1. ҚР Патент Заңында, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңында, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңында, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңында өнеркәсіптік меншік объектілерін (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары интегралдық микросхемалар топологиялар, селекциялық жетістіктер) тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына берілетін құжаттарға қойылатын талаптарды нақтылауға қатысты.

Атап айтқанда, құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптарға қатысты, оның ішінде Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидаларына, Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларына, Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларына, Селекциялық жетістіктер өтінімдеріне алдын ала сараптама жүргізу қағидаларына сілтеме жасай отырып, редакциялық түзетулер ұсынылады, өйткені заңда ұсынылатын құжаттардың анықтамалары жоқ.

Қазіргі уақытта тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Премьер-Министрі
А.А. Смайыловтың тапсырмасын орындау үшін «таза парақтан» реттеуді енгізу шеңберінде кейбір заңнамалық актілерге реттеуші актілерді талдау қорытындылары бойынша әзірленген түзетулердің Бірыңғай пулын әзірледі және 2023 жылғы 3 наурызда ҚР Президенті Әкімшілігіне енгізді.

Дата публикации
30 марта 2023