Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 199 от 24.03.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мейіржан Мерболатұлы Отарғалиға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 1 сәуірде берілген № 22006093 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.М. Отарғалидың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.М. Отарғалидың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 10.03.2023 жылғы ұсынысы, 10.03.2023 жылғы Қостанай облысы Әулиекөл аудандық  сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                  Б . Молдабеков

Дата публикации
27 марта 2023