Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 193 от 17.03.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Спандияр Балтабекович Аширкуловқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 2 қыркүйекте берілген №14012679 мемлекеттік лицензияның қолданысы алты айға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.Б. Аширкуловтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Б. Аширкуловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаменті 2023 жылғы 14 наурызындағы № 02-23-05/1195-И ұсынысы және Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 2 наурызындағы ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                           Б. Молдабеков

Дата публикации
17 марта 2023