Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 190 от 16.03.2023 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылғы 11 мамырында Асем Бекболаткызы Мурзагалиеваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №16007650 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б.Мурзагалиеваның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиева жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: нотариус А.Б.Мурзагалиеваның арызы, 2022 жылдың 06 желтоқсанындағы Ақтөбе қаласының шешімі және 2023 жылдың 28 ақпанындағыАқтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы.

 

 

Вице-министр                                                                     Б. Молдабеков

Дата публикации
17 марта 2023