Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 185 от 15.03.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Наталья Алдашевна Асановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы 03 сәуірінде берілген №0001011 мемлекеттік лицензияның қолданысын 2024 жылдың 09 наурызына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.А.Асанованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.А.Асанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: нотариус Н.А.Асанованың өтініші және Алматы қаласы  Әділет департаментінің 2023 жылғы 09 наурызындағы  07-15/1512-И  ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                           Б. Молдабеков

Дата публикации
16 марта 2023