Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 177 от 10.03.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Олег Александрович Войтюкке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 6 маусымда берілген № 0001443 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Жетісу облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус О.А. Войтюктың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус О.А. Войтюктың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Жетісу облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 60-06-17/109-И ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                     Б. Молдабеков

Дата публикации
13 марта 2023