Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 176 от 10.03.2023 

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы 21 қазанда Бекнұр Дәуренұлы Әлімқұлға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 20015444 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Б.Д. Әлімқұлдың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 06 наурыздағы № 02-16-05/4047 ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                     Б. Молдабеков

Дата публикации
13 марта 2023