Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 173 от 07.03.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы  5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылдың
5 мамырында Жанна Болатовна Алиеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003074 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты Ж.Б.Алиеваның, Ақмола облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: 03.03.2023 жылғы № 06-19/2366  Ақмола облысы әділет департаментінің ұсыныс, Ақмола облысы адвокаттар алқасының  01.03.2023 жылғы №84 өтінішхаты,  Ж.Б. Алиеваның 01.03.2023 жылғы өтініші

  

 

Вице-министр                                                                               Б. Молдабеков

Дата публикации
09 марта 2023