Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 172 от 07.03.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылдың
1 сәуірде Жандар Турсынович Бектуровқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004748 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты айға тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты Ж.Т. Бектуровқа, Шымкент қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: 27.02.2023 жылғы № 02-23-05/1093-и Шымкент қаласының әділет департаментінің ұсыныс,  «Заңды тұлғалар» мемлекет деректер қорының анықтамасы.

 

 

Вице-министр                                                                              Б. Молдабеков

Дата публикации
09 марта 2023