Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 159 от 01.03.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 2-1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мухан Даулетович Жунусовқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы 2 ақпанында берілген №15001751 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Д.Жунусовтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Д.Жунусовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 02-23-05/989-И ұсынуы, Шымкент қаласы Әль-Фараби аудандық істі іс жүргізуге қабылдау және басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулысы 2023 жылғы 20 ақпандағы №5211-23-00-1/108.

 

 

Вице-министр                                                                                 Б. Молдабеков

Дата публикации
03 марта 2023