Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 162 от 02.03.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың
27 наурызында Клара Исембаевна Нуржаубаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14004032 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 15 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты
К.И.Нуржаубаеваның, адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының өтініш хаты 13.02.2023 жылғы шығ. № 1-73 және К.И. Нуржаубаеваның өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                         Б . Молдабеков

Дата публикации
02 марта 2023