Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 160 от 01.03.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызында Ольга Николаевна Шинға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000435 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 27 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты
О.Н.Шинның, адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының өтініш хаты 13.02.2023 жылғы шығ. № 1-74 және О.Н. Шинның өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                          Б . Молдабеков

Дата публикации
02 марта 2023