№ 155 от 01.03.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асет Акашевич Есенгуловқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы 9 тамызында берілген № 0001121 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус А.А. Есенгуловтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Есенгуловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қ. Әділет департаментінің 08.02.2023 ж. № 2-05/3354 ұсынысы, 25.01.2023 ж. қайтыс болу туралы куәлігі.
Вице-министр А. Молдабеков