Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 145 от 23.02.2023 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылы 21 қаңтарда Самат Ерсинович Молдамжаровқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001749 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
С.Е.Молдамжаровтың адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1)адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5.  Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2023 жылғы 1 ақпандағы  № 01-03/117-И ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                             Б.Молдабеков

Дата публикации
28 февраля 2023