Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 149 от 25.02.2023 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34 -бабы 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Марат Амангельдиевич Кощегуловқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 10 қарашада берілген № 14016979 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылғы 1 тамыздағы №1968-22-00-2м/990 атқарушылық іс жүргізу бойынша қарызы толық өтелгенге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.А. Кощегуловтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.А. Кощегуловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы облысы Әділет департаменті 2023 жылғы 14 ақпандағы № 06-20/1646 ұсынуы.

 

 

Вице-министр                                                                               А. Муканова

Дата публикации
28 февраля 2023