Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 147 от 24.02.2023 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Камильевна Зиминоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 06 қазанда берілген № 14014811 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: 2023 жылдың 10 ақпанында «Е-лицензиялау» мемлекеттік деркқоры» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен Д.К.Зиминованың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                         Б. Молдабеков

Дата публикации
28 февраля 2023