№ 136 от 20.02.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың
06 шілдесінде Александр Владимирович Зенковскийге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003849 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті:
1) А.В. Зенковскийге адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) А.В. Зенковскийге адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 16.01.2023 жылғы ұсынысы, 28.12.2022 жылғы № 20-697-22-0002816 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр Б. Молдабеков