1. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі -Министрлік).
2. Департамент өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департамент құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғамен бекітіледі.
4. Департамент:
1) Құжаттарды бақылау басқармасынан;
2) Құжаттарды есепке алу басқармасынан;
3) Өтініштермен жұмыс жөніндегі басқармасынан;
4) Мемлекеттік тілді дамыту басқармасынан тұрады.