Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 122 от 15.02.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың
16 тамызда Клара Сайлауқызы Баямироваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004046 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылдың 04 қантарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты К.С. Баямироваға, Атырау облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының  06.01.2023 жылғы №05-01 өтінішхаты,  К.С. Баямированың 04.01.2023 жылғы өтініші

 

 

Вице-министр                                                                           Б. Молдабеков

Дата публикации
15 февраля 2023