Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 127 от 16.02.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Муратовна Касимоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылғы 05 шілдесінде берілген №18013292 мемлекеттік лицензияның қолданысын 2023 жылдың 01 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.М.Касимованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.М.Касимованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: нотариус Д.М.Касимованың өтініші және Астана қаласының Әділет департаментінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 2-05/2402 ұсынуы.

 

 

Вице-министр                                                                           Б. Молдабеков

Дата публикации
16 февраля 2023