№ 117 от 14.02.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың
13 қыркүйекте Сауле Максутовна Беркалиеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18017117 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 31 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты С.М. Беркалиеваға, Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қаласының адвокаттар алқасының 31.01.2023 жылғы №55/23 өтінішхаты, С.М. Беркалиеваның 16.01.2023 жылғы өтініші
Вице-министр А. Мұқанова