Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 113 от 14.02.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылдың
6 наурызда Елена Анатольевна Кудиноваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004663 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты Е.А. Кудиноваға, Алматы қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласының адвокаттар алқасының  08.02.2023 жылғы №1-72 өтінішхаты,  Е.А. Кудинованың 04.01.2023 жылғы өтініші

 

Вице-министр                                                                                  А. Мұқанова

Дата публикации
14 февраля 2023