№ 107 от 11.02.2023
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін өзгертуіне байланысты, Ксения Булатовна Олжабаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылы 11 қазанда берілген № 22018773 мемлекеттік лицензиясы Ксения Булатовна Касымоваға қайта ресімделсін.
2. 2022 жылы 11 қазандағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 22018773 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) Лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр А. Мұқанова