Лицензияны қайта ресімдеу туралы

№ 93 от 06.02.2023 

Қазақстан  Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Тегін өзгертуіне байланысты, Салтанат Ришатовна Абдуллинаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылы 20 қазанда берілген  № 22019643 мемлекеттік лицензиясы Салтанат Ришатовна Кощигуловаға қайта ресімделсін.

2. 2022 жылы 20 қазандағы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 22019643 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.

3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1)  адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) Лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Вице-министр                                                                                   А. Ахметова

Дата публикации
06 февраля 2023