Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 106 от 11.02.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ардак Сарсенбековна Джаппароваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 12 қарашада берілген № 0001686 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылдың 7 ақпанына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Джаппарованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.С. Джаппарованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 08.02.2023 ж. №2-05/1275-И ұсынысы, А.С. Джаппарованың арызы.

 

Вице-министр                                                                           А. Мұқанова

Дата публикации
11 февраля 2023