№ 99 от 08.02.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызда Гульнар Сатымовна Жумахановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000563 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 18 қантарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Г.С. Жумахановаға, Атырау облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 26.01.2023 жылғы №31-01 өтінішхаты, Г.С. Жумаханованың 18.01.2023 жылғы өтініші
Вице-министр А.Ахметова