№ 98 от 08.02.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Рахимберді Акбердиевич Гайбуллаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2019 жылғы 8 ақпанда берілген № 19002808 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Түркістан облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.А. Гайбуллаевтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.А. Гайбуллаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 06.01.2023ж. №02-75-6/36-И ұсынысы, 04.01.2023ж. Р.А. Гайбуллаевтың арызы.
Вице-министр А. Ахметова