Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 97 от 08.02.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылдың
20 қаңтарында Мұхамедияр Нұрғалиұлы Дүйсенғалиге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №20000944 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Жамбыл облысының Әділет департаменті:

1) М.Н. Дүйсенғалидің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 23.01.2023 жылғы №4-4-32/141-И ұсынысы,  06.12.2022 жылғы № 3111-22-00-1/564  сот үкімі.

 

 

Вице-министр                                                                                 А. Ахметова

Дата публикации
08 февраля 2023